Skip to content

2025 жылғы 10 қазанда «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де…

2025 жылғы 10 қазанда «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 8, 9, 10, 11-сынып оқушыларымен «Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында қыздар жиналыс өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – қыз балалардың бойына ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды сіңіру, олардың қоғамдағы, отбасындағы рөлін түсіндіру, өзін-өзі құрметтеу мен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Жиналыс барысында төмендегі мәселелер қарастырылды:
• Қыз баланың тәрбиесі – елдің ертеңгі тұтастығы мен ұлттың мәдени болмысының кепілі екендігі;
• Ұлт дәстүрі мен салт-санасында қыз бала тәрбиесіне қойылатын талаптар;
• Әдептілік, инабаттылық, тазалық, сыпайылық сияқты қасиеттердің маңыздылығы;
• Қазіргі заман қыздарының бет-бейнесі, киіну мәдениеті, өзін-өзі ұстау этикасы;
• Зиянды әрекеттерден (әлеуметтік желілердегі теріс әсер, ерте жастан араласу, т.б.) аулақ болу жолдары.

Жиналыс барысында пікір алмасу, сұрақ-жауап, ситуациялық тапсырмалар және қысқаша видеороликтер арқылы қыз балалар белсенділік танытты. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, тәрбиелі қыз болудың негізгі белгілерін анықтады.

Жиын соңында қыздарға өнегелі өмір сүрудің, ата-ананың, ұстаздың сенімін ақтаудың маңыздылығы айтылып, тәрбиелік бағыттағы кеңестер берілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *