💫2025 жылдың 20 қарашасы күні Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп КММ-де «Сырғалым қыздары» ұйымының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 6–7-сынып қыз оқушыларына арналған «Қыздарға әсемдік жарасады» атты тәрбиелік бағыттағы жиналыс өткізілді.
💫Жиналыстың мақсаты – қыз балалардың өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру, жеке бас тазалығын сақтау дағдыларын нығайту, әсемдікке, сымбаттылыққа, мәдениеттілікке баулу, өз-өзіне сенімді, көркем мінезді болуға тәрбиелеу. Сонымен қатар, қыздардың бойындағы табиғи нәзіктік пен әдептілік құндылықтарын дамыту, олардың қоғамдағы орнын сезіндіру болды.
“Сырғалым” қыздар ұйымының төрайымы: Таушанова Қалжан Аязбайқызы





