📌19.01.2026 жылы Бейнеу аудандық полиция бөлімінің инспекторлары, мектеп педагогтары және волонтерлердің қатысуымен 7–11 сыныптардағы кәмелеттік жасқа толмаған ер балаларға арналған профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
📌Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, буллингке жол бермеу, өзін-өзі қорғау дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ орынсыз ақша жинау фактілерінің алдын алу болып табылады.
📌Шара барысында полиция инспекторлары, педагогтар және волонтерлер тарапынан үй-үйді аралау жұмыстары жүргізіліп, ата-аналар мен оқушыларға түсіндірме әңгімелер өткізілді. Түсіндіру жұмыстары кезінде кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен міндеттері, жауапкершілік түрлері, буллингтің салдары, өзара сыйластық пен тәртіпті сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді.
📌Сонымен қатар ата-аналарға балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың мінез-құлқына бақылау жасау, күмәнді жағдайлар туындаған кезде мектеп әкімшілігімен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс жүргізу қажеттігі жөнінде кеңестер берілді.
📌Іс-шара нәтижесінде оқушылардың құқықтық сауаттылығы артып, ата-аналардың жауапкершілігі күшейді. Профилактикалық жұмыстың маңыздылығы атап өтіліп, алдағы уақытта осындай түсіндіру шараларын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі белгіленді.
#Заңжәнетәртіп
#БуллингкеЖолЖоқ








