Skip to content

🇰🇿17 желтоқсан күні🇰🇿 Ақжігіт жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық…

🇰🇿17 желтоқсан күні🇰🇿 Ақжігіт жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық (МАД) тобында “Тәуелсіздік – тұғырым!» атты сынып сағаты өткізілді.
📌Мақсаты:
Балаларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы түсінік беру, тәуелсіздік жолында құрбан болған ерлердің ерлігін таныстыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
📍Сынып сағаты барысында балалар тәуелсіздік құрбандары туралы мағлұмат алды. Топтық жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылар қызығушылықпен пазл құрастыру тапсырмасын орындады. Сонымен қатар балалар Тәуелсіздікке арналған өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, патриоттық әндер шырқап, қойылған түрлі сұрақтарға белсенді жауап берді.
📍Іс-шара барысында балалар Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жүрекпен сезініп, өз ойларын еркін жеткізе білді. Сынып сағаты тәрбиелік мәні зор, мазмұнды әрі әсерлі өтті.
#тәуелсіздіккүні
#Тәуелсіздікұрпақтары

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *