📍12.02 күні «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 4 «А» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Жылуөткізгіштік деген не?» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты бастауыш сынып мұғалімі Г. Айтымова өткізді.
📍Сабақ оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жағымды психологиялық ахуал қалыптастырудан басталды. Мұғалім сабақ барысын «әуе шарына саяхат» әдісімен ұйымдастырып, оқушыларға билет алу, тіркеуден өту сияқты қызықты тапсырмалар ұсынды. Бұл тәсіл оқушылардың белсенділігін арттырып, сабаққа деген ынтасын оятты.
📍Оқушылар топқа бөлініп, бірлескен жұмыстар жүргізді. «Жылуды қалай сеземіз?», «Жылуды қалай білеміз?» деген сұрақтар төңірегінде тәжірибелік жұмыстар жасалды. Тәжірибе арқылы жылуөткізгіштік құбылысын бақылап, қорытынды шығарды. Сабақ барысында жұптық және топтық жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ортаға салып, бір-бірімен пікір алмасты.
📍Сабақ соңында рефлексия жүргізіліп, оқушылар алған білімдерін саралап, өз әсерлерімен бөлісті. Ашық сабақ мазмұнды, тартымды әрі тәжірибеге бағытталған түрде өтіп, қойылған мақсатқа толық жетті.







