Ақжігіт қосалқы станциясына танымдық экскурсия💡
💡Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп КММ-нің 11-сынып оқушылары кәсіптік бағдар беруші Ж. Таушабаеваның жетекшілігімен Ақжігіт ауылының шығыс бөлігінде орналасқан тоқ беру қосалқы станциясының жұмысымен танысты.
2025 жылы Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Жаңа ынтымақтастықтың бастамасы!
💡🔌Экскурсия барысында мекеме басшысы Сейтқожаев Әділқайыр Сисенұлы оқушыларды қарсы алып, мекеменің қызметі мен ондағы жұмыс үдерісін жан-жақты түсіндірді. Ол станция ішінде қолданылатын құрылғылар мен техникалар туралы баяндап, олардың ауылды электр қуатымен қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті.
💡🔌Мекемеде алты адам жұмыс істейтіні белгілі болды. Әрбір қызметкердің атқаратын міндеттері мен электр энергиясын таратудағы жауапкершілігі туралы толық мәлімет берілді. Оқушылар энергетика саласының қыр-сырын түсініп, бұл мамандықтың қоғам үшін маңыздылығын ұғынды.
💡🔌Бұл танымдық экскурсия оқушыларға болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беріп, энергетика саласына деген қызығушылықтарын арттырды. Қиын да жауапты салада еңбек етіп жүрген мамандарға толағай табыс тілейміз!