📎10 ақпан күні «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Өмірге “Иә” деп айт!» психологиялық онкүндігі аясында іс-шаралар жоспарына сәйкес «Баланың өміріне бейжай қарамайық» тақырыбында еркін кездесу, жеке консультациялар және ашық есік күні ұйымдастырылды.
🔖Іс-шараның мақсаты – мектеп пен ата-ана және оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді бірлесе талқылау, ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету.
🔖Кездесу барысында ата-аналар баланың мінез-құлқы, жасөспірім кезеңіндегі ерекшеліктер, эмоционалдық күйзелістердің алдын алу, қауіпсіз орта қалыптастыру жөнінде сұрақтарын қойып, өз ойлары мен ұсыныстарын білдірді. Мектеп психологы ата-аналарға жеке кеңестер беріп, балаға қолдау көрсету жолдары туралы нақты ұсыныстар ұсынды.
🔖Ашық есік күні форматында ұйымдастырылған шара ата-аналар мен мектеп арасындағы сенімді байланысты арттырып, ортақ жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік берді.
📍Осындай мазмұнды кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.
