06.03 күні «Ақжігіт жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 8–11 сынып оқушыларына мерекеге байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оқушыларға мереке күндері ешқандай отырыс, кеш немесе «вечер» ұйымдастыруға болмайтыны жөнінде ескертілді. Сонымен қатар бүгіннен бастап ауыл ішінде рейдтік бақылау жұмыстары жүргізілетіні туралы ақпарат берілді.
Ертеңгі күні рейд барысында оқушылардың кешкі уақытта көшеде себепсіз жүруі анықталған жағдайда тиісті шаралар қолданылатыны түсіндірілді.
Бұл түсіндіру жұмыстары оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілді.




